Қытайда автопилот режимінде жүретін көліктер заңдастырылды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Шэньчжэнь қаласының билігі алғаш рет мегаполисте жүргізушінің басқаруынсыз жүретін «ақылды көліктерді» пайдалану ережелерін жариялады. Ол 1 тамыздан бастап күшіне енді. Бұл туралы қалалық заң шығарушы орган қабылдаған қаулыда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.