ҰҚШҰ әскери жаттығуы: қазақстандық десантшылар арнайы тапсырманы сәтті орындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстандағы «Харбмайдон» полигонында Орталық Азия өңірінің жедел өрістету ұжымдық күштерімен «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды. Оған Қазақстанның әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.