"Үкімет отставкаға кетсін". Алматылық белсенді жалғыз адамдық пикетке шықты
Бейсенбі, 15 желтоқсанда Алматыда азаматтық белсенді Есанбой Ходжиев жалғыз адамдық пикетке шықты. Қазақстан туын жамылған, қолына “Үкімет отставкасын талап етемін және әкімдер сайлансын, жемқорлыққа жол жоқ” деген жазуы бар плакат көтерген белсенді “Әлихан Смайылов үкіметі елдегі қымбатшылық проблемасын шеше алмады” дейді. "Халықты қымбатшылық тоздырып жіберді. Қай дүкенге барсаң да, өзімізден шығытын заттардың да құны аспанға ұшқан. Сол үшін қазір халықтың деңгейіне жауап бере алмайтын үкімет отставкаға кетуі тиіс деп ойлаймын. Читать дальше...