Беларусь Германиядан саяси баспана алған тәжік оппозициясының өкілін еліне қайтарайын деп отыр
Беларусь құқық қорғау органдары тәжік оппозициясы белсенділерінің бірі Низомиддин Насриддиновті ұстаған. Беларус құқық қорғаушылары "белсенді Тәжікстан билігіне тапсырылуы мүмкін, ол жақта оны азаптау мен қатыгездік күтіп тұр" деп алаңдайды. Human Constanta құқық қорғау ұйымының өкілі Энира Броницкая Азаттықтың Тәжік қызметіне Насриддинов 8 қаңтарда Беларусь шекарасын кесіп өткен кезде Тәжікстан билігінің өтініші бойынша ұсталғанын хабарлады. Сол уақыттан бері тәжік белсендісі Гродно қаласындағы тергеу изоляторында отыр. Читать дальше...