Қосшы мен Астана арасында жүрдек автобустар қатынауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана мен Қосшы арасында қоғамдық көлікке арналған жеке жолақ пайда болуы мүмкін. Бұл жайында Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасы басшысы орынбасары Аян Смағұловтың редакцияға жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.