Қарағандылық белсенді "сот үкімін орындамағаны үшін" қамалды
2021 жылы "тыйым салынған ұйымның ісіне араласқаны үшін" сотталған қарағандылық белсенді Асқар Нұрмағанов 25 қазан күні өтпей қалған "оппозиция митингісі" қарсаңында "сот үкімін орындамау" бабы бойынша 5 тәулікке қамалған. Істі Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 23 қазанда кешке қараған. 55 жастағы белсенді адвокат талап еткен, алайда сот қорғаушысыз өткен. Бес күн әкімшілік қамау жазасын ол Қарағанды полициясының арнайы қабылдау орнында өтеген. Читать дальше...