Биыл Астанадағы 77 стоматологиялық клиника МӘМС бойынша қызмет көрсетеді
АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылы елордада МӘМС аясында 2,2 млрд теңгеге 600 мыңнан аса стоматологиялық қызмет көрсетілді. Биыл Астана қаласы бойынша 77 стоматологиялық клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.