Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуде жеделдік қажет - Премьер
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.