Парламент көші-қон туралы заңды қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына Сенаттың жаңа редакцияда ұсынған жекелеген баптарымен келісті.