ХАТУ бұрынғы ректоры қамауға алынды
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков Алматыда қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Шыныбеков Дамир Абдуәлиұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын екі ай мерзімге - 29 шілдеге дейін санкциялады. Дамир Шыныбеков қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.
Дамир Шыныбеков Арқалық қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бастап ректор қызметін атқарды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Бостандық аудандық мәслихатының депутаты.Дамир Шыныбеков родился в Аркалыке. Должность ректора занимал с 2009 года. На данный момент подозреваемый является депутатом маслихата Бостандыкского района Алматы.