Жанайқай
Сәлеметсің бе, күнделік! Әдеттегідей.. сенің әппақ беттеріңе ішімде бұлқынып жатқан алапат әлемімнің бейнесін сызу үшін қаламымды қолыма қапсыра ұстап алдым. Айтайын бүгін не дертпен келдім. Жақсы көру.. иә-иә, жан жүрегіңмен сүю бақытының азаптары жайлы шер тарқатам. Көп көріп жүріп сүйікті ету емес, бір қарап ес кету.
(күнделік парақтарынан)

...Мен де сенбейтін сезім болған. Солай болып қала берсе ғой, жәй-күйім дәл бүгінгідей болмас па еді.? Неге дейтін шығар иә, кім болса да? Күнделік! Ендеше мен көз моншағыммен сырымды жазайын, ал сен кіршіксіз көркіңе түртіп ала бер, бұлжытпай.
Сүйікті адамды пәк көңілменен сүю үшін оның көз әлеміндегі тұңғиыққа бір сәт қана сүңгіп,...