Жаңбыр, қар, жаяу бұрқасын: 4 қараша күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Каспий циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен 4 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және солтүстік-шығыста жаяу бұрқасын болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.