Түркістанда өткен «Музейге сый» акциясында тұрғындардан 40-қа тарта жәдігер тарту етілді
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Музейге сый» акциясы өтті. Шара аясында жергілікті тұрғындар мен қонақтардан қорық-музей қорына 40-қа жуық археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық жәдігерлер табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.