Жылдар
Бұл менің алғашқы шығармам. Мұнда бауырлар арасындағы қарым қатынас айтылады. Інісі әпкесіне берген уәдесін орындамайды. Әпкесінің ұлы қиналғанын біле тұра оған қол ұшын созбайды.
1975 жыл. Біздің ауылда бір қарапайым отбасы бар еді. Тұрмысы нашар болатын-ды. Ол отбасының 2 баласы бар. Үлкені Зәуреш онан соң Дәрмен болатын. Анасы аурушаң, хәлі мәз емес-ті. Олардың жағдайы нашар болғанымен тату еді. Зәуреш бауырына жақсы қарайтын. Тәрбиесін өз мойнына алған.
Бір күні Дәрмен далаға шығып балалармен асық ойнап жатты.Сол кезде өзінен 2 сынып жоғары оқитын тәмпіш кемпірдің немересі Сәдір оның асықтарын қолынан жұлып алды.Бала да оған қасарысуда. Әрине, Дәрменнің Сәдірге күші жетпейді. Екеуі төбелесе бастады. Мұны көрген Зәуреш жан таласа жүгіріп жетеді де, Сәдірге дүрсе қоя береді. Тәмпіш кемпір келіп үлкен дау шығарады. Дау аяқталып, бәрі үйді...