Сейсенбі күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 желтоқсан күні еліміздің оңтүстік, батыс және солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың калған аумағы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.