Өмірзақ Шөкеев облыс, аудан, қалалық мәслихат депутаттарын марапаттады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы өтті. Оған облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік органдар басшылары, қала, аудан әкімдері және мәслихат хатшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.