Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.