Мектептегі оқушылардың тәрбие барысындағы дүниетанымын қалыптастыру
Әлемдегі кез-келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан-ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді.
Дүниетаным — жеке адамның әлеммен байланысын неғұрлым жалпыланған және жоғарырақ деңгейі, оның мінез құлқы мен іс әрекетін тиімді реттеушісі болып табылады. Келесі аталатын барлық...