Қашқындық жолы
Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүрген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазының руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы қашып жүріп бір күні Төремұрат батырдың үйіне келіп, оған қызметке жүргісі келетінін айтқан. Төремұрат жүруге ұлықсат еткен. Сонда қызмет істеп жүре береді. Оның кім екенін білмейді. Төремұраттың жолдасы аңғарғыш адам екен, Құрманғазының тегін жүріспен жүрмеген адам екенін біліп бір күні Төлемұратқа:
— Батыр, осы қараңнан (Құрманғазы арық, ұзын қара кісі екен) қорқам, тегін адам емес, осының оңайын сұрап, ұлықсат бергенің мақұл, өйткені бір кесірі тиер, — дейді. Төлемұрат бір күні Құрманғазыны шақырып алып:
— Ал, шырағым, сен қайдан жүрген кісісің,...