Алматыда «Сергек» он бес күнде 53 миллион теңгеге айыппұл салды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Сергек» камералары он бес күнде 53 миллион теңге көлеміндегі жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Қазірдің өзінде шамамен 53 миллион теңгеге 3200-ден астам заңбұзушылық анықталды. Күніне орта есеппен 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркеледі», - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.