Жиренше шешен мен хан
Заман қадымда қазақ жұртында бір Жиренше шешен деген кісі өткен екен. Сол замандағы хандардан бір хан Жиреншені сөйлетіп көремін деп шақыртты дейді. Сонда Жиренше шешен ханға кірген жерден:
— Бір жасыңыз мың болсын, — деген екен. Хан бұл сөзін ұнатпай:
— Шешен кісіден де осындай орамға келмейтін артық сөз шығады екен, — депті. Сонда Жиренше шешен айтты дейді:
— Құлдық тақсыр, құп айтасыз, адамның өзі мың жасамайды, артында аты қалса, аты мың жасайды, екінші, дүние де бір қызық көрген дәурені, бір күнінің өзі мың жылға тұра тұғын қызық дәуренменен өтсін деп айтып едім, — депті.
Сонан соң хан бұл сөзін...