Шыңғыс нәсілі (І нұсқа)
ХІІ ғасырдың басы шамасында Аюша деген қалмақтың ханының баласы болыпты. Татар-моңғол деген хан өлген соң әйелі бек көркем кісі екен. Бір күндерде қасынан сәуле секілді бір зат қалмайды. Бара-бара бір жақта болады. Ақырында сол әйел жүкті болып, туған баланың атын Шыңғыс қояды. Екінші мағлұматта туғанда Шыңғыс деп дыбыстап туды дейді. Екі алақаны, екі табаны қап-қара қан болды дейді. Сонан бақсыларға бал аштырып: «Бұл қалай болады?» дегенде, бақсылар: «Бұл екі аяғымен жүріп жердің жүзін қан етеді. Екі қолымен көп қан төгеді», — деген екен. Сонан Шыңғыс ержеткен соң хан болады. Бір күні екі ағасына айтады: «Үшеуіміз бірігіп мынау көрші хандарды жаулап...