"Зенит" Исламханның Катардағы жиынға қосылғанын хабарлады
![](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2020/news_304294/thumb_b/photo_62875.jpg)
Ресейлік "Зениттің" бас директоры Александр Медведев Abnews.ru сайтына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның клуб жиынына келгенін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Исламханның клубта қаралымнан өтіп жатқаны жазылған. Басқа мәлімет жоқ.
"Иә, бұл рас", - деді Медведев Исламханның командаға келген-келмегені жайлы сұраққа.
Айта кетейік, Исламханның "Зенит" сапына қосылып, жиынға қатысатыны 16 қаңтарда белгілі болған. Катарда Ресей премьер-лигасының көшбасшысы 25 қаңтарға дейін болады.
Исламханның соңғы клубы алматылық "Қайрат" болған, ол бұл клубта 2014 жылдан бері ойнаған еді. Қазір 26 жастағы хавбек еркін агенттер қатарында.