Қазақстан елшіліктері жанынан «Абай орталықтары» ашылады
![Қазақстан елшіліктері жанынан «Абай орталықтары» ашылады](https://www.inform.kz/radmin/news/2020/01/21/200121154953699e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абайдың мерейтойына қатысты жобалар биылғы жылмен ғана шектелмейді. Бұл туралы елордадағы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.