Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке қатыспайтын болды
![Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке қатыспайтын болды](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/01/26/210126110927127a3745268i.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 KO) 29 қаңтарда Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel &Casino аренасында америкалық Рафаэль Мерфиге (14-1, 11 KO) қарсы жекпе-жекте рингке оралуды жоспарлаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.