Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау: Қарағандыда өңірлік комиссияның 1-отырысы өтті
![Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау: Қарағандыда өңірлік комиссияның 1-отырысы өтті](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/02/10/210210002643549a3751313i.jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылды. Оған кімдер енгені және тарихи әділеттілікті қалпына келтіру үшін қандай бастамалар ұсынылғаны туралы бірінші отырыста белгілі болды. Жиналыс Zoom платформасында онлайн ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.