Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні.
Қазақтың алғашқы журналы «Айқап» небәрі 4 жыл шыққанына қарамастан тарихта өшпес із қалдырды. Журналда сол кездегі халықтың мұң – мұқтажы туралы мақалалары жарияланып отырған. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың өкпесі» мақаласы. Ол өз мақаласын: «Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соңғы кезде ғана кіре бастады. Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін, кімнен болғанын біле алмай, әркімнен көріп өкпелейді. Пайдаланып отырған жерін мұжыққа алып берді деп үкіметке өкпелейді. Қазақ жерін қазыналық етуге неге көнген өткендерге өкпелейді. Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, жоқ па - соны жазбақпын.» - деп қазақ халқының осы уақытқа дейін бейқам жатып, енді ғана оянып, жан-жағына қарап жатқандығын және кінәні...