"Айқап" пен "Қазақ" неге айтысқан? немесе басылымдар туралы шындық.
«Айқап» - қазақтың тұңғыш журналы. «Қазақ» газетінің де еліміздің тарихындағы алғашқы газеттердің бірі екендігін білеміз. Бұл басылымдарда Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Райымжан Мәрсеков, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды халқымыздың зиялыларының еңбектері жарияланған. ХХ ғасырдың басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасында түрлі пікірталас орын алған. Қос басылым да елім, жерім деген өз халқы үшін аянбаған басылымдар болған. «Айқаптың» редакторы - Мұхамеджан Сералин болды. Ал «Қазақ» газетін - Ахмет Байтұрсынұлы басқарды. Қос басылымның кикілжіңдері қазіргі заман талабымен зерттелген болатын. Ол зерттеулерді жүргізу үшін мұрағаттағы деректер пайдаланылды. Журнал мен газет басылымдары сол кездегі қазақ жұртының өміріндегі...