Абай шығармаларындағы пәлсапалық көріністер
Дүниежүзілік ақыл мен ойдың, парасат пен пәлсапаның кемеңгері Абай Құнанбаев халқымыздың мақтанышы ғана емес, ұлттық ұранымыз. Ол әлемдік поэзия алыбы, классик ақын, ірі қоғам қайраткері, ойшыл философ, гуманист әділ би, композитор, аудармашы. Абай адам баласының бүкіл өмір тіршілігіне рухани азық болатын жан-жақты құбылыс. Сондай-ақ, қазақ халқының реалистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын.
Кемеңгер Абай маңдай терімен қаламынан қағаз бетіне төгілген туындыларында өзінің пәлсапалық ойларын өзіне тән өзгешелігімен баяндайды. Ақынның сондай пәлсапалық...