Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.