Қытайлықтар Жаңа Жылды қалай қарсы алады?
Әдетте, Қытай мемлекеті григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жылды 31 желтоқсанда қарсы алады. Алайда, қытай халқына өз күнтізбесі маңыздырақ.
Қытай Жаңа жылы «көктем мерекесі» деп аталады. Бұл атау Еуропа халқының Жаңа жыл мерекесінен бөліну үшін берілген. Тұрмыста бұл мерекені «Нянь» деп атайды. «Нянь» қытай тілінен аударғанда «жыл» деген мағынаны береді.
1 қаңтар мерекесі енгізілместен бұрын әлемнің көптеген халықтары Жаңа жылды көктемде қарсы алатын. Себебі, бұл мезгілде қыс кетіп, көктем келгенде табиғат жаңарады.
Бағзыдан Қытай елінде Жаңа жыл мерекесі ең ұзақ әрі басты мереке болып есептеледі. Қытай Жаңа жылын тек Қытай мемлекетінің аумағында ғана емес, сондай-ақ, Гонконг, Макао, Тайвань, Рождество Аралы, Бруней, Индонезия және т.б. өңірлерде тойланады. Мерекені атап өту екі аптаға дейін созылады, кейін Шам мерекесімен аяқталады.
Қытай Жаңа...