Петропавлда студенттік екі жатақхана пайдалануға беріледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда облысты дамытудың кешенді жоспары аясында 11 қабатты оқу-зертханалық корпус салынып жатыр. Бұдан басқа биыл студенттерге арналған екі жатақхана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.