Қарағанды облысында ауылішілік жолдардың сапасы тексерілді
![Қарағанды облысында ауылішілік жолдардың сапасы тексерілді](https://www.inform.kz/radmin/news/2021/09/10/210910002102054a3834525i.jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Егіндібұлақ елді мекенінде ауылішілік жолдарды жөндеу қолға алынды. Орташа жөндеумен 70% жол қамтылатын болады. Қаражат «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша бөлінді. Бұл қаржыға жолдардың 50%-дан астамы асфальтталды. Мердігер компания жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауға уәде беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.