"Бұл көлді де, қоқиқазды да ешқашан көрмейміз!" Астанада Талдыкөлді сақтау акциясы жалғасып жатыр
![](https://gdb.rferl.org/b36d3008-933b-4df8-a9fa-edd192456e5d_w800_h450.jpg)
Астана тұрғындары бір жылдан бері Кіші Талдыкөлді сақтауға тырысып келеді. Суқойма маңында «инфрақұрылымы дамыған» кезекті тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Бірнеше күн бұрын көлге қызғылт фламинго келіп, экологтар мен қала тұрғындарының назарын аударды. Экобелсенділердің болжауынша, билік халық сөзіне құлақ аспаса, қала айрықша табиғи аймақтан айырылып қалады.