Байбарыс сұлтан
Байбарыс (Бейбарыс) сұлтан (1217/18 - 1277 жж.) — Мысыр елінде 17 жылдан аса сұлтандық құрған әміршісі әрі әйгілі мәмлүктердің қолбасшысы. Ол Батыс Қазақстан қыпшақтарынан шыққан. Моңғол шапқыншылығы кезінде Байбарыс тұтқындалып, Мысырда құлдыққа сатылып, мәмлүктер әскеріне алынды. Әскери жолын алғашқыда сардарлықтан, кейін әскербасылықтан бастаған ол өзінің ақылдылығы мен батырлығының, әскер ұйымдастырудағы және ұрыс жүргізудегі табиғи дарынының арқасында XIII ғасырдың ортасында билік басына көтерілді. Мәмлүктер мемлекетінің билеушісі және әскербасы атанды. Оның жоғары деңгейде ұйымдастырылған ержүрек те, епті сарбаздардан тұратын сан мыңдаған әскері болды. Әскері, негізінен, әр түрлі түркі тайпаларының өкілдерінен құралды.
Байбарыстың әйгілі әскербасы ретіндегі дарыны оның жеңілуді білмеген моңғолдарға соққы беріп,...