Жол ережесін бұзу фактілерінің 44 пайызын бейнебақылау камерасы анықтаған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жол қозғалысы ережесін бұзудың 44 пайызы бейнебақылау камерасының көмегімен анықталып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.