Қазақстан мен Пәкістан өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі - СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 48-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметінің басшылығымен жекелеген кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.