Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.