Азаматтық қоғамның 7 өкілі АҚДМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша рәсімдер басталды. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының кандидаттарын іріктеу бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.