Референдумға қатысу көрсеткіші бойынша Алматы ең соңында тұр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының соңғы ақпаратна сенсек, елімізде азаматтардың 68 пайыздан астамы референдумда дауыс берген. Алайда Алматының көрсеткіші төмен. Бұл - үлкен шаһарлар үшін қалыпты жағдай. Бұл туралы Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті, экономист, қоғам белсендісі Бекнұр Қисықов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.