Қаңтар оқиғасы: Жаппай тәртіпсіздік бойынша 58 және терроризмге қатысты 8 қылмыстық іс тергелуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.