«Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумы өтіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - QazTrade академиясы отандық тауар өндірушілерге үш деңгейлі оқу бағдарламасы – «Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумын бастады. Онлайн режимде 5 күнге созылған іс-шараның бастапқы деңгейіне 140 компания өкілі қатысып, құзіреттерін арттыруға мүмкіндік алды.