Үндістанда көшкіннен 14 адам қаза тауып, 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды
![Үндістанда көшкіннен 14 адам қаза тауып, 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды](https://www.inform.kz/radmin/news/2022/07/01/220701154926096e.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірнеше апта бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан Үндістанның солтүстік-шығысында көшкін болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты және 30-дан астамы із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.