51,4 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 43,4 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.