Әулие
Ырысқали қартты бала кезімнен білемін. Қабағы шығыңқылау, ашаң жүзді, шоқша сақалды, бір аяғын сылти басатын, қайратты кісі әліге дейін көз алдымда. Ашуланғанда көзінің аласы көбейіп, сұстана қалатын. "Шаш ал десе бас алатын", сонау отызыншы жылдары он жылға ұсталып келген. Кейінгі алған жас әйелінен екі ұл, екі қызалағы бар. Жаздың ыстық күндерінде шалбарының бір балағын түріп қоятын. Себебі жара шығып, ісіп, білеуленген аяғына қара май жағатын-ды. Сүйтіп жүріп тыным таппайды — шөп шауып, совхоздарға вагонмен келіп тұратын мал жемін түсіріп, өзінің уақжандығын жемдеп, сауын түйелерін құдықтан суарып, өріске айдайтын. Жасы келе өзінің сұр есегін мініп жүретін, үйінен қашықтау жердегі той-садақаларға да сонымен баратын-ды.
Ырысқали қартты бала кезімнен білемін. Қабағы шығыңқылау, ашаң жүзді, шоқша сақалды, бір аяғын сылти басатын, қайратты кісі әліге дейін көз алдымда. Ашуланғанда көзінің аласы көбейіп, сұстана қалатын. "Шаш ал десе бас алатын", сонау отызыншы жылдары он жылға ұсталып келген. Кейінгі алған жас әйелінен екі ұл, екі қызалағы бар. Жаздың ыстық күндерінде шалбарының бір балағын түріп қоятын. Себебі жара шығып, ісіп, білеуленген аяғына қара май жағатын-ды. Сүйтіп жүріп тыным таппайды — шөп шауып, совхоздарға вагонмен келіп тұратын мал жемін түсіріп, өзінің уақжандығын жемдеп, сауын түйелерін құдықтан суарып, өріске айдайтын. Жасы келе өзінің сұр есегін мініп жүретін, үйінен қашықтау жердегі той-садақаларға да...