Қазақтың күй өнері 2 мың жыл бұрын жанр ретінде қалыптасып қойған – Қаржаубай Сартқожаұлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің музейінде «Ата домбыра» деп сипатталған көне жәдігердің көшірмесі бар. Кезінде оның монғол жерінен табылғанын пайдаланып, кигіз туырлықты ағайындар өздеріне бұра тартып баққан. Алайда ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының табандылығының арқасында «Ата домбыра» қазақ халқымен қауышқан болатын. Ұлттық Домбыра күніне орай, ҚазАқпарат абыз ғалымның домбыраның арғы-бергі тарихы туралы пайымдарын ұсынып отыр.