Жастар саясатын қалыптастыруда Алматы тренд-мэйкер болуға тиіс - Ералы Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясатында жаңа тәсілдерді қалыптастыру маңызды және Алматы осы үдерісте тренд-мэйкер болуға тиіс. Бүгін Алматыға жұмыс сапары аясында еріктілерімен және шығармашыл жастарымен кездескен Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.