Қарағанды облысын дамытудағы басымдықтар айқындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімдігі бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек. Өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов аймақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.