Үкімет басшысы Қарағанды облысында биыл 14 балабақша ашуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында биыл 14 балабақша ашылуы тиіс. Өңірге жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов аймақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өткізіп, тиіста сала басшыларына осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.