Қызылордада биыл жіті ішек инфекциясын жұқтырушылар көбейді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл жіті ішек инфекциясын жұқтырудың 553 жағдайы тіркелді. Олардың 104-і бау-бақша өнімдерімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.